01
Сыйлық сәулет саласындағы үздік жобаларды анықтау және қолдауға арналған: іске асқан жобалар, тұжырымдамалар, студенттік жұмыстар, зерттеулер.
SÄULE ARCHITEKTURPREIS 2026: өңірдің болашағын қалыптастыратын сәулет сыйлығы

01
Сыйлық сәулет саласындағы үздік жобаларды анықтау және қолдауға арналған: іске асқан жобалар, тұжырымдамалар, студенттік жұмыстар, зерттеулер.
02
Сыйлық инновациялар мен озық тәжірибені дамытуға бағытталған: тұрақтылық, энергия үнемдеу, экология, жаңа материалдар мен технологиялар, орта сапасын арттыру.
03
Сыйлық сәулет пен урбанистиканың мәдени даму мен әлеуметтік әл-ауқат факторлары ретіндегі қоғамдық маңызын айқындайды және жауапты кәсіби ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
04
Сыйлық Орталық Азияның өңірлік контекстін ескеретін жұмыстарды қолдайды: климат пен ландшафт, жергілікті материалдар мен қолөнер тәжірибелері, мәдени сәйкестік, әлеуметтік сценарийлер мен қалалардың трансформациясы.




10 000 000 теңге
«А» санаты
әр номинация жеңімпазына
1 000 000 ₸;
«B» санаты
әр номинация жеңімпазына
750 000 ₸;
«D» санаты
номинация жеңімпазына
350 000 ₸.
«C» санаты
I орын
350 000 ₸ және Германияға турға қатысу;
II орын
200 000 ₸;
III орын
100 000 ₸
Жеңімпаздар мен финалистер Сыйлықтың
дипломдары/сертификаттарымен марапатталады.
Шорт-листке енген қатысушыларға, сондай-ақ студенттік номинация жеңімпаздарының дипломдық жобаларының жетекшілеріне
естелік сыйлықтар/сувенирлер беріледі.
Формальды тексеру нәтижелері бойынша (9-бөлім) бағалауға жіберілген
барлық қатысушыларға қатысу туралы электрондық сертификат беріледі.
Ұйымдастырушы және Сыйлық серіктестері негізгі номинациялар бойынша марапат алмаған, бірақ ерекше жұмыстарды қолдау үшін қосымша көтермелеу марапаттарын тағайындауға құқылы.
Мұндай марапаттар негізгі номинациялар бойынша Қазылар алқасының дауыс беру нәтижелерін өзгертпейді.
Көтермелеу марапаттарының тізбесі, атауы және оларды беру шарттары Ұйымдастырушы және/немесе Сыйлық серіктестері тарапынан айқындалады және
Сыйлықтың ресми сайтында жарияланады.

















